Halyq Uni логотип
×

Алматыда екі жылда 22 мектеп ашылады

Мектептердегі орын тапшылығы 2026 жылға дейін толық шешіледі деп жоспарланған

 Халық үні 21.12.2023 | 13:32
Алматыда екі жылда 22 мектеп ашылады
Фото: Halyq Uni

Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі 2025 жылдың соңына дейін шешіледі. Бұл туралы қала әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Жыл сайын мектепке (1-сыныпқа) 12-15 мың бала қабылданады. 1 қыркүйекте 30 мыңнан аса орын тапшылығы болды. Алдағы екі жылда 22 мектеп салынса, 37 100 орын ашылады. 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап орын тапшылығы шамамен 3-4 мыңды құрайды. Оны жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа жаңа ғимарат салып, жолын табамыз. 2025 жылдың соңына дейін осы мәселені шешіледі деп жоспарланған, - деді Ерболат Досаев.

Бұған дейін Алматының Алатау ауданында 11 мың 500 орындық 6 мектеп пайда болатыны хабарланды. Мектеп құрылысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында іске асырылады. Айта кетсек, Алатау ауданы әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан ең қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарына жатады. Мегаполистегі 302 мың оқушының 55 мыңнан астамы Алатау ауданына тиесілі. Биыл 1-сыныпқа 6 мың 200 бала қабылданды. Бұл – қала бойынша ең жоғары көрсеткіш. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама