Жәбірленушіге 8 100 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан ер адамды қолға түсірген.
Белгілі болғандай, ол Семейдегі шаруа қожалығының 42 жастағы иесіне тиесілі 29 жылқыны еркін жайылымнан ұрлап әкеткен. Салдарынан жәбірленушіге 8 100 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген. Полицейлер 58 жастағы қала тұрғынын ұстап, изоляторға қамады, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.