Ресей билігі арақты есептеп ішуге шақырды
Бұл – әрбір адамның үлесіне айына үш «жартыдан» сәл артық келеді деген сөз
Ресей Үкіметі алкогольді ішімдікті пайдалануды 2030 жылға дейін қысқарту тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлады realtagil.ru.
Порталдың РФ Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйеніп хабарлағанындай, алкогольді ішімдік ішуді қысқарту тұжырымдамасы 2009 жылы да қабылданған. Алайда содан бері 14 жыл өтсе де халық арақ, шарап, сыра, коньяк және басқа да акогольді ішімдікті ішуді тоқтатпаған. Керісінше, одан сайын ішімдік ішу көбейген. Демек одан ешқандай нәтиже шықпаған.
Енді жаңа тұжырымдамаға сәйкес, ресейліктерге 2030 жылға қарай орта есеппен жылына 7,8 литр этанол ішу ұсынылады. Бұл – әрбір адамның үлесіне айына үш «жарты» (0,5) арақтан сәл артық келеді деген сөз. Ал қазір Ресейде әрбір адам жылына 8,9 литр этанол, яғни жылына 44,5 бөтелке, айына 4 бөтелкеге жуық арақ ішіп тұрады екен.
2030 жылға дейінгі тұжырымдама нәтиже берсе, министрлік адамды араққа тәуелділіктен ажырататын шаралар ойластыратын болады. Бірақ ол нәтиже береді дегенге сенетін адам аз.