×

Қарағанды облысында екі аяқты құлын туылды

Мұндай жағдай мыңда бір рет қана кездеседі 

фото: видеодан скриншот

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында екі аяқты құлын туды. Кемтар төлдің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Ветеринар мамандардың айтуынша, бейнежазбадағы құлынның туылғанына 2-3 күн ғана болған. Алайда қожайыны төлді мал дәрігерін шақырып қаратпаған.

«Ауылдағы маман бұл құлынды көрмеген. Бұл полигонның зардабы ма, генетикалық зардап па белгісіз. Сондықтан не жағдай екенін нақты жауап айта алмаймын. Лабораторияның қорытындысы, ешқандай материал тапсырылған жоқ», - деді Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық ветеринарлық бекетінің басшысы Аян Міржақыпов Астана телеарнасына берген сұхбатында. 

Дегенмен мұндай кемтар төлдің туылуына экологияның нашарлығы немесе айғырдың өз қанынан туған малға шабуы себеп болуы мүмкін,- дейді. Алайда ондай жағдай мыңда бір рет қана кездеседі деп отыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама