Түркістан облысында жүргізуші 4 млн теңге айыппұлын төлемей жүре берген
Полицейлер Volkswagen Polo автокөлігін Темірлан кенті көшелерінің бірінен тоқтатқан
Патрульдік полицейлер Түркістан облысы аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізу барысында ірі көлемде төленбеген айыппұлы бар жеңіл көлікті анықтады
Нақты айтқанда, Ордабасы аудандық ПБ ЖПҚ патрульдік полициясының қызметкерлері «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы Темірлан кенті көшелерінің бірінен Volkswagen Polo автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру кезінде жүргізушінің бұрын салынған, 4 миллион теңгеден асатын әкімшілік айыппұлы бар екені анықталды.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұраққа қойып, тиісті шаралар қабылдады. Сондай-ақ автокөлік иесіне айыппұлдарын уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді, - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол ережелерін сақтауды және жолда мұқият болуды ескертеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін қымбат көлікпен ереже бұзған алматылық жүргізушінің 1,1 млн теңге айыппұлын төлемей жүргенін жазған болатынбыз.