Ақтөбе облысында жол апатынан екі оқушы мен бір педагог қаза тапты
Қайғылы оқиға Самара – Шымкент тасжолында болған
Ақтөбе облысының білім басқармасының алдын ала мәліметі бойынша, 19 желтоқсан сағат 08:45-те Самара – Шымкент тасжолында жол апаты болып, екі оқушы мен бір педагог қаза тапқан. Қайғылы оқиға Ырғыз ауданында – Қызылжар ауылына жақын маңда болған.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғарып көңіл айтады. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, жол апатының мән-жайы анықталуда. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті қолдау, оқушыларға тиісті психологиялық көмек көрсетіледі.
Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарының басшыларына қысқы кезеңде балаларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін еске салады. Қауіпсіздік техникасы және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша нұсқаулық білім беру ұйымдарына жіберілген.