Павлодарда өртеніп жатқан пәтерде 8 жастағы бала болған
Мамандар оқиға орнына шұғыл жетті
Павлодарда пәтер өртеніп, 8 жастағы бала құтқарылды, деп хабарлады облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Оқыс оқиға 18 желтоқсанда болған.
101 пультіне қаладағы Ермак көшесінде үш қабатты үйдің үшінші қабатында 2 бөлмелі пәтердің өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері шұғыл жетті. Пәтерде 2015 жылы туған баланың болғаны анықталды. Өрт сағат 15:58-де толық сөндірілді, - деп жазылған хабарламада.
Өрттің ауданы – 10 шаршы метр. Пәтерде заттар мен жиһаздар өртенген.
Мамандар баланы автосаты арқылы құтқарды. Дәрігерлер оны тексеріп, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екенін анықтады.
Өртті сөндіруге 6 техника мен 21 қызметкер жұмылдырылды.