Көпшілікті дүрліктірген акцияны ұйымдастырған бутик әкімшісі жауапқа тартылады
Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде жаппай сатылым кезінде тұтынушылардың көптеп жиналуынан күтпеген жағдай болды. Әлеуметтік желіде куәгерлердің оқиға орнынан түсірген видеосы тарады.
Халықтың тығыздығы соншалық, бірнеше сауда орны мен дүкен сөрелерін қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру және келушілердің қауіпсіздігі үшін полиция шақырылып, адамдарды эвакуациялауға тура келді, - делінген видеодағы жазбада.
Бұған қатысты Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі де түсінік берді.
«Алматы қаласының полиция департаменті сауда орталығында көпшілікті дүрліктірген акцияны ұйымдастырған бутик әкімшісінің жауапқа тартылатынын, оның әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлайды», - делінген ресми хабарламада.