Ол бұл әрекетін рәсімдеу қажет екенін білмегенімен түсіндірді
Байқоңырда Ресей азаматтығын алғанын жасырған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni.
Байқоңыр қалалық сотының мәліметінше, ер адам 2018 жылы Ресей Федерациясына тұрақты тұруға кетіп, 2020 жылы РФ-ның азаматтығын алған. Биыл Байқоңыр қаласына оралып, құзыретті органдарға азаматтығын ауыстыру туралы хабарламаған. Ол бұл әрекетін рәсімдеу қажет екенін білмегенімен түсіндіріп, өкінішін білдірді.
Сот қаулысымен азамат «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 496-бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 483 мың теңге әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылды, – делінген сот хабарламасында.