Halyq Uni логотип
×

Қазақстан полицейлері кроссовкамен жүретін болды

Ал әйел қызметкерлердің формасы қызметтік көйлекпен толығып отыр

 Еркеғали Болатұлы 23.05.2022 | 18:00
Қазақстан полицейлері кроссовкамен жүретін болды
фото: polisia.kz

Еліміздің 17 өңірінің бәрінде полициясы жаңа жұмыс киіміне ауысып жатыр. Мысалы, бұрын аяқтарына бәтеңке кисе, қазір кроссовкамен жүруге рұқсат беріліп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі арнайы репортаж жасаған.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір полиция қызметкерлерінің 48 пайызы, учаскелік полицейлердің 51 пайызы жаңа формамен жұмысқа шығып жүр екен.

Қызметіне қарай патрульдік полицияға бөлек, сыртқы қызметтерге бөлек, учаскелік полицейлерге бөлек, басқару аппаратына бөлек дизайн мен конструкция әзірленеді, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Әр элемент әртүрлі елдің үлгісіне ұқсатылған. Негізгі басымдық киімнің қолданысқа қолайлы, киіп жүруге ыңғайлы болуына негізделген. Қызметтер санатынан бөлек, жазғы, маусымаралық, қысқы түрлері деп бөлінген және POLISIA деген жазу жарыққа шағылысатын бояумен әрленген.

Ең бастысы, шығындарды азайту үшін полковниктерге арнап қаракөл елтірісінен тігіліп келген киім фрагменттері қолданыстан алынған. Ал әйел қызметкерлердің формасы қызметтік көйлекпен толығып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама