Қарағанды облысында адвокат аса ауыр қылмыс бойынша куәгерлерді сатып алмақ болған
Полицейлер оны қылмыс үстінде ұстады
Қарағанды облысында сот жәбірленуші тарапқа аса ауыр қылмыс бойынша пара беруге тырысқан адвокақа қатысты үкімді жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сот адвокат жәбірленуші тараптың мүддесін білдіре отырып, жеке материалдық пайда алу мақсатында, сондай-ақ күдікті адамның кінәсіздігі туралы жалған айғақтарға қол жеткізу үшін 2022 жылдың қазанында жәбірленуші тарапқа 2 900 АҚШ долларын және 6 млн 500 мың теңгені беріп, ақшаның қалған бөлігі сотта жалған айғақтар бергеннен кейін берілетінін айтқан. Бұл ретте адвокат өзіне сыйақы ретінде 3 100 доллар қалдырды, артынша осыдан кейін оны полиция қызметкерлері ұстады.
Қорғаушы тарап соттан сотталушыны әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады. Адвокаттың кінәсі жәбірленушінің айғақтарынан басқа, істің жазбаша материалдарымен, арнайы іс-шаралардың нәтижелерімен және сараптамалардың қорытындыларымен расталды.
Сот оның асырауында жас балалардың болуын кінәні жеңілдететін жағдай деп таныды. Ал, ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.
Соттың 2023 жылғы 15 желтоқсандағы үкімімен адвокатқа жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтей отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.