Оның қандай қылмысқа барғаны белгілі болды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ кинология орталығының бастығы А.А.Болғымбаеваға қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
«Болғымбаева 2021-2022 жылдары өзінің қарамағындағылардан жалпы сомасы 1 675 000 теңге болатын сыйлықақы ретінде ақша алды деген күдікке ілінді», – дейді антикор.
19.05.2022 жылы Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен Болғымбаева мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, екі жылға бас бостандығы шектелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.