×

Өкілеттігін теріс пайдаланған кинология орталығының басшысы сотталды

Оның қандай қылмысқа барғаны белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 23.05.2022 | 17:45
фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ кинология орталығының бастығы А.А.Болғымбаеваға қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

«Болғымбаева 2021-2022 жылдары өзінің қарамағындағылардан жалпы сомасы 1 675 000 теңге болатын сыйлықақы ретінде ақша алды деген күдікке ілінді», – дейді антикор.

19.05.2022 жылы Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен Болғымбаева мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, екі жылға бас бостандығы шектелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама