Қазақстанның палестиналық отбасы бар бір азаматы эвакуациядан бас тартқан
Екінші рейс Астанаға қазақстандықтармен бірге палестиналық 20 адамды жеткізді
Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстан азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау қалай жүргізілгенін айтып берді.
Газа секторы аумағында көптеген қазақстандық болғанын ескере отырып, СІМ Қазақстанның мемлекеттік органдарымен бірлесіп, азаматтардың еркіндігі мен құқығын қорғау үшін соғыс жүріп жатқан аймақтан эвакуациялық рейстер ұйымдастырып, 127 адамды Отанына қайтарды, - деді Мұрат Нұртілеу.
Оның айтуынша, қазір Газа аумағында 1 қазақстандық пен оның 10 отбасы мүшесі – Палестина азаматы бар. Олар эвакуациялаудан бас тартқан.
Министрлік пен Қазақстанның шетелдегі мекемелері жағдайды бақылап отыр, егер қазақстандықтарды шығару туралы өтініш түссе, эвакуация ұйымдастыруға дайын, - деп атап өтті СІМ басшысы.
Осы орайда ол азаматтарды Отанына эвакуациялау жұмысының сәтті жүргізілуі мен гуманитарлық жүкті жеткізу ҚР мемлекеттік органдары мен шетелдегі өкілдіктерінің ортақ жұмысының нәтижесі екенін айтты.
Айта кетсек, 17 қарашада Қазақстан билігінің бірінші эвакуациялық борты 99 адамды – 59 Қазақстан азаматы мен 40 шетелдікті отбасы мүшелерімен бірге Отанына жеткізген болатын. Екінші рейс Египеттен 11 желтоқсанда келіп, Астанаға 28 адамды – 8 Қазақстан азаматы мен палестиналық 20 адамды жеткізді.