Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында 5 бала көкжөтел ауруын жұқтырған

Тіпті, өлімге әкелген жағдайлар бар

 Еркеғали Болатұлы 15.12.2023 | 13:05
Қостанай облысында 5 бала көкжөтел ауруын жұқтырған
фото: Depositphotos

Қостанай облысында 5 бала көкжөтел жұқтырған. Қазір ауру жұқтырғандар саны республика бойынша да көбейіп келеді.

Көкжөтел – тыныс жолдарының жұқпалы ауруы. Ол ауа тамшылары арқылы жұғуы мүмкін. Бұл кезде науқас қатты жөтеледі, асқынған кезде миды зақымдап, пневмонияны және кіндік жарығын туғызуы мүмкін.

Өткен жылы Қостанай облысында бірде-бір науқас болмаса, биыл бірден бесеуі тіркелді. Негізінен бұл ауруды вакцина алмаған балалар жұқтырып жатыр екен.

Әлі анасын еміп жүрген бөбектер үшін бұл ауру өте қауіпті. Ол тынысы тоқтап, апноэға әкелуі мүмкін. Тіпті, өлімге әкелген жағдайлар бар, – деп мәлімдеді Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Гүлім Досымова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама