Halyq Uni логотип
×

Бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың қарамағында жұмыс істегендер қамауға алынды

Ұлан Мәдиев 9 желтоқсанда қамалды

 Халық үні 15.12.2023 | 10:54
Бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың қарамағында жұмыс істегендер қамауға алынды
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың қарамағында жұмыс істеген Ұлан Мәдиев қамауға алынды. Ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі Halyq Uni тілшісіне растады.

Бас прокуратура Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі арнаулы департаментінің бұрынғы бастығы Ұлан Мәдиевке және басқа да адамдарға азаптау фактілері бойынша қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, - делінген ақпаратта.

2023 жылдың 9 желтоқсанында Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған тергеу соты Мәдиевке қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады.

Қазіргі болған оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қатысы бар адамдарды анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр.

БАҚ-тың хабарлауынша, Мәдиев «Қорғас ісі» кезіндегі азаптау әрекеттері бойынша қамауға алынған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама