×

Илья Ильин шаш трансплантациясына жүгінді (ВИДЕО)

Трансплантация жасату құны - 2 мың доллар

 Еркеғали Болатұлы 23.05.2022 | 16:12
коллаж: Halyq Uni

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 11 мамырында Илья Ильин спорттағы карьерасын аяқтап, Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне кіріскен еді. 2020 жылдың соңында ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына бас ғылыми қызметкер болып тағайындалды.

Бүгін ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің шаш трансплантациясына жүгінгені туралы видео жарияланды. 

Айтқым келмеген, бірақ сіздер шашымды неге тақырлатып алып тастағанымды және басымдағы кішкене тіліктің қайдан пайда болғанын сұрайсыздар ғой. Мен шаш трансплантациясын жасаттым, - дейді ол видеода.

Осылайша, спортшы өзінің туған күніне «сыйлық» жасағысы келген. Айта кетсек, қазір Қазақстанда шаш трансплантациясының бағасы шамамен 2 мың доллар тұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама