×

Қызылорда тұрғыны көліктерін тоқтатқан полицейді баспен ұрған

Бұрын соттылығы бар күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

 Еркеғали Болатұлы 14.12.2023 | 16:54
фото: Halyq Uni

Қызылордада полицейлер тоқтатқан көлік жолаушысы тәртіп сақшыларының біріне бейәдеп сөйлеп, басымен ұрған. Бұл әрекеті үшін ол қамауға алынды.

Толығырақ айтқанда, 12 желтоқсанда Қызылорда қалалық полиция басқармасының «102» пультіне хабарлама түскен. Патрульдік полиция қызметкерлері Ж. Баһадүр көшесінің бойында келе жатқан Toyota Camry автокөлігінің алдыңғы терезесі сынғанын анықтады. Кейін жүргізушіні тоқтатқан. Сол кезде құқықбұзушыға заңға сәйкес әкімшілік хаттама толтыру барысында автокөлік жолаушысы қарсылық танытып, полицейлерге бейәдеп сөйлеп, ПБ қызметкерлерінің бірін басымен ұрған.

Ведомство мәліметінше, бұрын соттылығы бар күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігімен («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері») сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама