Алматыда оңай олжаға құныққан екі жігіт бутиктегі лото автоматын бұзған
Кәсіпкер келтірілген материалдық шығынды 336 мың теңгеге бағалаған
Алматы облысының екі тұрғыны ойын автоматын бұзып, ақша таппақ болған.
Полицейлердің мәліметінше, бұрын сотталған 35 және 31 жастағы екі ер адам Медеу ауданындағы бутикке кіріп, аппаратты бұзып, сол жерден 140 мың теңге ұрлап кеткен. Кәсіпкер келтірілген материалдық шығынды 336 мың теңгеге бағалаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Олар ұрлық жасағандарын мойындады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Айта кетейік, екі жігіт те бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған болатын. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.