Ес-түссіз болды, иек тұсы жараланған
Бүгін Ақтөбедегі мектептердің бірінде 7-сынып оқушысы қайтыс болды. Денсаулық сақтау басқармасы осы қайғылы жағдайға қатысты түсінік берді.
13 жастағы бала мектепте құлап, партаның ұшына соғылған. Клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Қарау кезінде ұйқы артериясында пульсация болмады, қан қысымы анықталмады. Ес-түссіз болды, иек тұсы жараланған. Дереу реанимация басталды. Сағат 11:25-те қайтыс болды, – деді «Диапазон» басылымына Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.
Куәгерлердің айтуынша, ол сыныпқа жүгіріп кіріп, табалдырыққа шалынып, тамағымен партаның бұрышына құлаған.