Әуе компаниялары рейстердің тағы кешігуі мүмкін екенін ескертті
Шыдамдылығыңыз үшін алғыс айтып, осындай жағдайларға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз, – деп жазды SCAT
Әуе компаниялары ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі және тоқтатылуы мүмкін екенін ескертті.
SCAT компаниясы жолаушыларға рейстердің уақытын SMS-хабарламалардан бақылап отыруды өтінді.
Құрметті жолаушылар, Қазақстанның бірқатар қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстің кешігуі және тоқтатылуы мүмкін. Әуе компаниясының веб-сайтында немесе SMS арқылы рейсіңіздің күйін тексеріңіз. Ұшу кешігулері кезек күтуге байланысты болуы мүмкін. Шыдамдылығыңыз үшін алғыс айтамыз және осындай жағдайларға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз, – деп жазды компания.
SCAT жолаушылардың түсінбей жатқан сұрағы болса, тәулік бойы жұмыс істейтін жолаушыларға қолдау көрсету орталығы бар екенін хабарлады.