×

Ақтөбелік тұрғын арзан бағада шырша аламын деп алаяққа алданып қалды

Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр

 Динара Амантай 13.12.2023 | 16:55
Фото: polisia.kz

Ақтөбелік тұрғын арзан бағада шырша аламын деп алаяққа алданып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақтөбе қаласының полиция басқармасына 46 жастағы жергілікті тұрғын белгісіз біреуге 63 мың теңге көлемінде ақша аударғаны туралы өтінішпен жүгінген. Жүргізілген іс-шаралар барысында жәбірленуші Instagram әлеуметтік желісінен жаңа жылдық шырша сату туралы жарнаманы көрген. Оған құны 63 мың теңге болатын 2,5 метрлік жасанды шырша сатып алу ұсынылып, үлкен жеңілдік жасалып, тегін жеткізілетіні туралы уәде берілген. Тауарды сатып алудың міндетті шарты 100% алдын ала төлем екені көрсетілсе де сатып алушы бұл жайттан күмәнданбаған.

Әйел мобильді ұсыныстың көмегімен ақшаны көрсетілген банк деректемелеріне аударған. Алайда осы уақытқа дейін шырша жіберілмеген және олардан ешқандай жауап қайтарылмағаннан кейін алданғанын түсінген.

Өкінішке қарай, мұндай факті биылдыққа бірінші рет болып тұрған жоқ. Полицияға әлеуметтік желілер арқылы сатып алу кезінде алаяқтардың әрекеттерінен зардап шеккендерден өтініштер күн сайын түсіп тұрады.

Қазір осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама