Теміртау қаласының жартысы ауыз сусыз қалды
Мәселе қала әкімінің бақылауында
Теміртауда қаланың жартысы ауыз сусыз отыр, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Диаметрі 300 мм магистральдық су құбыры қатып қалып, қаланың шығыс бөлігіндегі 6 квартал тұрғындарының үйлеріне су төмендетілген гидравликамен беріледі.
Ақау шамамен 20 метр аумақтан анықталды. Оқиға орнында 8 бригада мен 10 техника жұмыс істеп жатыр», - деп мәлімдеді ведомство.
Қазір бұл мәселені қала әкімі өз бақылауында ұстап отыр.