Оқиға баланың анасы дүкенге шығып кеткенде болған
Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жастағы бала төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай мамырдың 21-де сағат 16:00 шамасында болған.
Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Зардап шеккен бала Нұр-Сұлтан қаласы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері атап өткендей, ұл бала анасы дүкенге шығып кеткенде терезеден құлаған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр.
Отбасы екі бала тәрбиелеп отыр. Арнайы органдардың есебінде тұрмайды.