×

Алматы-Өскемен тасжолындағы су шайған құбырға қатысты қызметтік тексеріс басталды

ҚазАвтоЖол апаттың себебін түсіндірді

 Қымбат Елтайқызы 23.05.2022 | 12:59
фото: ашық дереккөзден

«Кең арнаға диаметрі сай келмейтін құбыр жобаланған». ҚазАвтоЖол Алматы-Өскемен тасжолындағы апаттың себебін осылай деп түсіндірді. Қазір бұл іс бойынша қызметтік тергеу басталды.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Алматы-Өскемен тасжолындағы құбырдың шайылу фактісі бойынша барлық мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеріске бастамашылық жасады. Кең арнаға диаметрі сай келмейтін құбыр жобаланған. Құқұқбұзушылық фактісі анықталған жағдайда Қазақстан заңнамасына сәйкес кінәлі деп танылғандар жауапқа тартылады. Бұл учаске құрылысы жайлы келісім 2017 жылы жасалды. Диаметрі 1,5 метр құбырды орнату туралы техникалық шешімді Алматы қаласының «Каздорпроект» ЖШС әзірлеген және «ҚазАвтоЖол» филиалы – «Құрылыс дирекциясы», «ГК Инжиниринг» ЖШС техникалық қадағалау қызметі, CITIC Construction мердігер ұйымы бірлесіп қабылдаған. Олар қабылданған жобалық шешімдер үшін тікелей жауапты», – дейді ҚазАвтоЖол.

Осындай жағдайды алда болдырмай, алдын-алу мақсатында республикалық маңызы бар жолдардағы құбырлар мен мал өткелдерінде ревизия жүріп жатыр.

Қазір учаскеде қайта қалпына-келтіру жұмыстары жалғасуда. Тәулік бойы қадағалау ұйымдастырылды. Учаске әлі де жабық тұр. 16 арнайы техника, 20-ға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды, – делінген ақпаратта.

Атап өтсек, оқиға 22.05.2022 жылы сағат 16.45-те Алматы-Өскемен тасжолында (393-395 шақырымдарында) болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама