Астанада өрт саны қыс айларында жиі болады
Елордалық ТЖД жылыту құралдары мен пеш жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қыс мезгілі мен саршұнақ аяздың басталуымен пештердің дұрыс жұмыс істемеуі, оларды жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, электр жабдықтарын, электр сымдарын дұрыс пайдаланбау салдарынан өрттер мен көміртегі тотығымен улану жағдайлары күрт артып жатады. Сонымен қатар, үйлер мен пәтерлерді жылыту үшін көбінесе зауыттан тыс орындарда жасалған жылытқыштар қолданылады. Бұл тұрғын үйдің қауіпсіздігіне ғана емес, адамдардың өміріне де үлкен қауіп төндіреді.
Астанада өрт саны қыс айларында жиі болады. Бұл қалыптан тыс аязға байланысты.
Тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында мынадай бірқатар өртке қарсы іс-шараларды орындау қажет:
Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі оның алдын алу оңай. Өрт туындаған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.