Ол 13 млн теңгеден астам сыйақы алған
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Алмат Жаныспаев жемқорлық қылмысы үшін сотталды, деп хабарлады Антикор.
Биыл 8 желтоқсанда Қостанай қаласының №2 соты Алматы қаласының ТЖД басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Алмат Жаныспаевқа қатысты үкім жариялаған.
Ол кәсіпкерге «қамқорлық» танытып, жалпы сомасы 13 млн теңге көлемінде сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды. Алмат Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айырылды, - деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.