Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында 61 жастағы ер адам сым ұрлаған

Ол шамамен 6 мың метр сымды қолды еткен

 Дәурен Ерболат 12.12.2023 | 09:35
Павлодар облысында 61 жастағы ер адам сым ұрлаған
Фото: Halyq Uni

Павлодар облысында сым ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ертіс ауданының полициясына аудандық электр станциясының басшысынан 5 888 метр болатын алюминий сымдардың ұрланғаны туралы шағым түскен. Залал сомасы 154 мың теңдеген асқан. Ұрлық 12-16 қараша аралығында болған.

Қылмысты учаскелік полиция инспекторы Александр Нұрмағамбетов пен жедел қызметкерлер ашты. Күдікті Қызылжар ауылының 61 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның бұрын электрик болып жұмыс істегені анықталды. Электр бағаналарының тіректеріне көтерілу үшін ол арнайы құралды пайдаланған. Осылайша, 46 аралықтан сымдарды кесіп алған. Ер адам ұрлаған заттарды қираған үйде сақтаған, - деп жазылған Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Заттай айғақтар тәркіленді. Ұрлық бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – мүлкі тәркілеу немесе 11 мың АЕК (37 млн 950 мың теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 3 жылға дейiн бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама