Олар келеңсіз себептерге байланысты жұмыстан босатылды
Алматыда екі полиция капитаны 14 жастағы қызды зорлаған. Бұл ақпаратты журналистерге Ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады.
Өкінішке орай, бұл факті болған. Бұл қылмысты жасағандар – бұрынғы қызметкерлер. Дереу тәртіптік комиссия құрылып, олар келеңсіз себептерге байланысты жұмыстан босатылды. Қылмыстық іс аясында қамауға алынды, – деді Ержан Сәденов.
Министр тергеу әлі жалғасып жатқанын жеткізді. «Қылмыс кезінде полицейлер құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды ма?» деген сұраққа: «Иә, мен растаймын», – деп жауап берді ол.
Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі («Зорлау») бойынша 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.