×

Түркістан облысында үйленіп жатқан жігіт пен достары жауапқа тартылды

Оқиға Сайрам ауданында болған

 Динара Амантай 11.12.2023 | 12:26
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында үйленіп жатқан жігіт пен оның достары жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде полицейлердің назарына той салтанатын ұйымдастырған жастар ілікті. Онда жас жігіттер шектен шығып, аспанға қандай да бір қарумен оқ атып, кортеждегі жүргізушілердің жол ережесін бұзып, апаттық жағдай туғызғаны бейнеленген.

Оқиғаның Сайрам ауданында болғаны белгілі болды. Бейнежазбадағы оқ атқан 19 жастағы тұрғыннан түсініктеме алынып, оның қолындағысы сигналдық қару болып шықты.

Жігітке ҚР ӘҚБтК-нің 485-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Сонымен қатар жол ережесін бұзған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Ал Hyunday Santa Fe көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі, 603-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 2-бөлігімен шара қолданылды. Оған қоса Mercedes Benz жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілік қаралды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама