×

Атырау тұрғындары кешегі түннен бері ауыз сусыз отыр

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды

 Еркеғали Болатұлы 10.12.2023 | 16:42
фото: azh.kz

Желтоқсанның 9-ынан 10-ына қараған түні, яғни сағат 23:30-да Атырау тұрғындары сусыз қалды. Жайық өзенінде мұз қатып, ағыс жылдамдығының төмендеуіне байланысты, қаланың су тазарту қондырғысына су беру тоқтатылған.

Қазір су беру жүйесіндегі ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. 10 желтоқсанда таңғы сағат 4:30-да қалалық желілерге су апаттық жағдайды болдырмау үшін төмен қысымда берілді. Бірақ техникалық себептерге байланысты «Атырау-Мақат» магистральды құбыры бағытында Береке шағын ауданына (9 қабатты үйлер), Көктем, Жұлдыз-3, Теңдік, Ақсай-1, Ақсай-2 шағын аудандарына су беру тоқтатылды.

Бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен осы жағдайдың мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама