Алматыда «Слово пацана» сериалындағы баскиім 400 мың теңгеден сатылып жатыр
70-жылдардағы аула стилі
Танымал жарнама сайттарының бірінде «Слово пацана» телехикаясындағы баскиімге ұқсас баскиім сатылымға шыққан. Бұл туралы Massaget.kz хабарлады.
Сатушы баскиімді 400 мың теңгеге бағалапты. Жарнаманың сипаттамасында баскиімнің бірнеше рет киілгені, өлшемі жазылған.
Жүннен тоқылған баскиім. 70-жылдардағы аула стилі. «Слово пацана» баскиімі. Бірнеше рет киілген. Өлшемі – 57-58-ге сәйкес келуі мүмкін. Өйткені жүннен жасалғандықтан созылады. «Чушпандарға» арналмаған, - делінген жазбада.