×

Алматы облысында толассыз жауын салдарынан екі ауылды су басты

Су үйлерге кірмеген, зардап шеккендер жоқ

 Айнұр Шошаева 23.05.2022 | 09:38
фото: Алматы облысының ТЖД

Алматы облысында толассыз жауын салдарынан Кербұлақ ауданына қарасты Қоғалы және Байғазы ауылдарын су басты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір судың деңгейі төмендеген.

«Байғазы өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, ауылдың бірнеше көшесін су басты. Су ауыл тұрғындарының бау-бақшасы мен аулаларына кірген. Сондай-ақ қатты жауын салдарынан Қоғалы ауылының бірнеше көшесі мен бір үйдің ауласын су басты. Су үйлерге кірмеген. Қазір оның деңгейі төмендеді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ
01.04.2023 | 08:33

«70 мың доллар берді»: Ғабидолла Әбдірахымов әншінің сөзіне алғаш рет пікір білдірді

Әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын қатынаста болғанын айтқан еді
01.04.2023 | 07:45

1-3 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады
01.04.2023 | 00:50