Жетісу облысында есірткі зертханасын ұйымдастырған екі азамат ұзақ мерзімге сотталды

Динара Амантай

Олар қылмыстық ниеттерін іске асыру мақсатында үй сатып алған

Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында есірткі зертханасын ұйымдастырған екі азамат ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, екі азамат алдын ала сөз байласу арқылы мефедрон психотроптық затын дайындатын зертхананы іске қосып, сондай-ақ аса ірі мөлшерде (23 келі) психотроптық затты өткізу мақсатында тасымалдауды және сақтауды іске асырған.

Қылмыстық ниеттерін іске асыру мақсатында олар үй сатып алып, оны есірткі затын дайындауға арналған арнайы құрылғылармен жабдықтаған.

Сот үкімімен екі есірткі сатушы да кінәлі деп танылып,әрқайсысы 10 жылға (ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақтары бойынша) бас бостандығынан айырылды.