Halyq Uni логотип
×

«Әділдік жолы» РҚБ Астана бойынша филиалының жетекшісі марапатталды

Жұмыс барысында Астана қаласының филиалына 197 азамат хабарласқан

 Халық үні 08.12.2023 | 11:29
«Әділдік жолы» РҚБ Астана бойынша филиалының жетекшісі марапатталды
Фото: «Әділдік жолы» РҚБ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған форум өтті. Іс-шарада «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы бойынша филиалының жетекшісі Дархан Құлжамбеков департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Дөңгелек үстелге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілі, мемлекеттік қызметкерлер, «Әділдік жолы» РҚБ-нің Астана қаласы бойынша филиалының жетекшісі Дархан Құлжамбеков және басқа да үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері, волонтерлер, жастар қатысып, өзекті тақырыпты талқылап, өзара пікір алмасты.

Өткізілген іс-шарада «Әділдік жолы» РҚБ-нің Астана қаласы филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстарының нәтижесі де айтылды.

Жұмыс барысында Астана қаласының филиалына 197 азамат хабарласқан.

Бағаны негізсіз көтеру, жойылған және түзетілген сатып алуларға қатысты өтініштерді қарау нәтижесінде 457 105 214 теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Заңсыз қосымша құн салығы төленген 50 974 104 теңге бюджетке қайтарылған.

Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 26 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, заң бұзушылықтарды жою туралы 9 ұйғарым шығарылды.

Филиалдың материалдарына сәйкес, мемлекеттік органдар 5 392 825 теңгеден астам сомаға айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 34 хаттама толтырылған. Филиал өтініштері негізінде 2 қылмыстық іс қозғалды. Қала әкімдігімен заңсыз жер беру, заңсы құрлыс салу фактілері де анықталып, тиісті шаралар жасалынып жатыр.

Сондай-ақ тұрғын ұй құрылыс компанияларынан зардап шеккен үлескерлердің де құқығы қорғалды.

«Әділдік жолы» РҚБ мақсаты – жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, парасаттылық идеологиясын ілгерілету. Сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу мақсатында қызмет ететін үкіметтік емес қоғамдық ұйым.

2021 жылдың қыркүйегінде «Әділдік жолы» РҚБ қызметін кеңейтіп, Қазақстанның әр өңірінен 17 филиалы ашылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама