Алматы облысында кішкентай ұлын ұрып-соққан әкеге қылмыстық іс қозғалды
Баланың беті-қолы көгеріп, миы шайқалған
Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған. Әкесі ұрды деген 3-сынып оқушысының беті көгергенін сынып жетекшісі байқаған. Бұл туралы Алматы облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сынып жетекшісі дереу уәкілетті органдарды, жедел жәрдем мен кәмелетке толмағандар жөніндегі бөлімді шақыртқан. Өйткені бала өзін әкесі ұрып-соққанын айтқан.
Балаға жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы және беттің көгеруі, үстіңгі еріннің гематомасы, сондай-ақ қолдың гематомасы мен көгеруі диагнозы қойылған.
Қазір білім басқармасының ата-аналармен жұмыс істеп жатқаны хабарланып отыр. Ал баланың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.