Салдарынан Катонқарағай ауылдық әкімдігіне материалдық залал келтірілген
Шығыс Қазақстан облысында әкімдіктің мас күйде көлік жүргізген жүргізушісі жол апатын жасады.
Жүргізуші ауылдық округтегі әкімдікте жұмыс істеген. Көлікті мас халде басқарған ол электр бағанына соғылған. Оқиға 4 желтоқсанда болған.
Жол апаты салдарынан Катонқарағай ауылдық әкімдігіне материалдық залал келтірілді. Залал ерікті түрде өтелді, - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Сот жүргізушіні ҚР Әкімшілік кодексінің 608-бабы 3-бөлігімен 20 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.