Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да әкімдіктің мас жүргізушісі жол апатына түсті

Салдарынан Катонқарағай ауылдық әкімдігіне материалдық залал келтірілген

 Еркеғали Болатұлы 07.12.2023 | 15:55
ШҚО-да әкімдіктің мас жүргізушісі жол апатына түсті
фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысында әкімдіктің мас күйде көлік жүргізген жүргізушісі жол апатын жасады.

Жүргізуші ауылдық округтегі әкімдікте жұмыс істеген. Көлікті мас халде басқарған ол электр бағанына соғылған. Оқиға 4 желтоқсанда болған.

Жол апаты салдарынан Катонқарағай ауылдық әкімдігіне материалдық залал келтірілді. Залал ерікті түрде өтелді, - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сот жүргізушіні ҚР Әкімшілік кодексінің 608-бабы 3-бөлігімен 20 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама