Қызылорда қаласында Сеул университетінің филиалы ашылады
Онда IT саласындағы мамандарды дайындайды
2024 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің филиалы ашылады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Өңір басшысы биыл мамырда Оңтүстік Кореяға арнайы іс-сапармен барғанын атап өтті.
«Бізбен бірге Қорқыт Ата университетінің басшысы мен бірнеше ғалым барды. Іс-сапар барысында Сеул ұлттық ғылым және технология университенінің президентімен кездесіп, біраз сөйлестік. Жақында сол университеттің басшылары келіп, Қорқыт Ата университетінің базасында Интеллект және информатика жоғары мектебін ашты. Қазір онда 40-тан аса студент білім алып жатыр. Мұнда IT саласындағы кадрларды дайындап жатырмыз», - деді Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Облыс әкімі Сеул унивеситетімен арнайы келісім барын айтты.
Келесі жылы өңірімізде (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында) Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің филлиалы ашылады. Ол ашылса, біз ғимаратпен толық қамтамасыз етеміз. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, - деді өңір басшысы.
Сондай-ақ Нұрлыбек Нәлібаев өңірде беделді шетелдік университтердің филилалын ашу жұмысы жалғасатынын жеткізді.
Әрине, біз бір елмен шектеліп қалмаймыз. Басқада елдермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Нақты шешім қабылдағаннан кейін қосымша ақпаратты жариялаймыз, - деді облыс әкімі.
Еске салайық, былтыр Қазақстанда үш шетелдік университеттің филиалы ашылды. Биыл жыл соңына дейін тағы шетелдік алты университеттің бөлімшесі ашылады.
Былтыр Алматыда Мәскеу инженерлік физикалық институты, De Montfort University филиалдары мен Атырауда Губкин универитетінің филиалы ашылды.
«Биыл алты мықты университеттің филиалын ашуды көздеп отырмыз. Heriot-Watt университетімен бірлесіп Ақтөбедегі Жұбанов Университеті негізінде Педагогикалық зерттеу орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Оңтүстік Корея парламенті Сеул ұлттық ғылым және технология университетін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде филиалын ашу үшін 1 млрд теңге қаржы бөлді. Сондай-ақ Ақтау қаласында Неміс инженерлік институты ашылады. 20 маусым күні Германияның федералды президенті ресми сапармен келеді. Сол кезде құжаттарға қол қойылып, 21 күні ресми түрде ашатын боламыз», – деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Білімді ұрпақ – білімді ел» білім конференциясында.