Halyq Uni логотип
×

Шымкентте шлем киген ұрылар камераға түсіп қалды

Шығын сомасы 1 миллион теңгеден асады

 Динара Амантай 07.12.2023 | 12:21
Шымкентте шлем киген ұрылар камераға түсіп қалды
Фото: Halyq Uni

Шымкентте шлем киген ұрылар камераға түсіп қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оңай жолмен ақша табуды ұйғарған екі дос түн ішінде скутер ұрламақ болған. Бірнеше сағаттың ішінде жас жігіттер екі скутерді ұрлап кеткен. Бейнекамералардан қауіптенген олар бастарына мотоциклге арналған шлем киіп алған.

Шығын сомасы 1 миллион теңгеден асады. Жәбірленушілер бұл туралы полицияға арызданды. Күдіктілер қала аумағында ұсталды. Олар ұрланған мүлікті 250 мың теңгеге сатып жіберген, – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама