Атырауда күзетші Жайық өзені арқылы есірткі тасымалдаған
Күдіктіден 19 орама есірткі табылды
Атырауда күзетші болып жұмыс істейтін азамат Жайық өзені арқылы есірткі тасымалдаған.
Polisia.kz-тің хабарлауынша,15 қарашада Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жайық өзенінің жағасында 41 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол есірткі тасымалдаумен айналысқан.
Тексеру кезінде күдіктінің сырт киімінен және тіркелген мекенжайынан қара изолентаға оралған 15 орама есірткі табылды. Одан басқа, күдіктіден қалада жасырған 4 орамадағы есірткі тәркіленді. Полиция анықтағандай, күдікті қаладағы мекемелердің бірінде күзетші болып жұмыс істеп, жұмыстан бос кезінде синтетикалық есірткіні жасырып, пайда тапқысы келген.
Одан 80-нен астам доза болатын 25,10 грамм мефедрон синтетикалық есірткі тәркіленді. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Басқа ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәсіз деп есептеледі.