Балалар үйден шықпауға тиіс
Бүгін Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз және боранға байланысты оқушылар онлай форматта оқитын болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендеген. Осыған байланысты 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды деген шешім қабылданды.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында боран және көктайғақ. Балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін бірқатар ауылдағы мектеп онлайн форматта білім беретін болды.
Күршім ауданының Төсқайың ауылындағы мектепте 1-2 ауысымның 1-11 сынып, Самар ауданының Амангелді ауылындағы мектепте 1-9 сынып, Күршім ауданының Барақ Батыр, Шанағаты ауылдарындағы және Глубокое ауданының Предгорное ауылындағы орта мектепте 1-4 сынып оқушылары мектепке бармай, қашықтан оқиды, - деп жазылған ШҚО Білім беру басқармасы таратқан хабарламада.