Ол шатырдан өзі секірмеген
Өскемен қаласында ер адам 4-қабаттан құлап кеткен. Бірақ ол ажалдан аман қалды.
Оқиға Жібек маталар комбинаты шағын ауданында болған. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жігіт Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатынан құлаған.
34 жастағы ер адам бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына құлаған. Сол жерге құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Зардап шегушіні шатырдан түсіріп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Қазір ол ауруханаға жатқызылған, - делінген ақпаратта.
Алдын ала дерек бойынша ер адамның өзі әдейі секірмеген. Терезеден төменге еңкейіп қарағанда абайсызда құлап кеткен.