Halyq Uni логотип
×

Шымкент тұрғыны ұлын жұмысқа орналастыру үшін алаяққа 2,5 млн теңге берген

Қылмыстық іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды

 Динара Амантай 06.12.2023 | 13:00
Шымкент тұрғыны ұлын жұмысқа орналастыру үшін алаяққа 2,5 млн теңге берген
Фото: Halyq Uni

Ұлын жұмысқа орналастырмақ болған Шымкент тұрғыны 2,5 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Тұран аудандық ПБ-ға қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс ер адам өзінің байланыстары арқылы оның ұлын қалалық әуежайдың қауіпсіздік бөліміне жұмысқа орналастыруға уәде берген. Ол осы «қызметі» үшін әйелден 2,5 миллион теңге алып, ізін суытқан.

Аталған жайт бойынша Тұран аудандық ПБ-ның анықтаушылары Қылмыстық кодекстің 190-бабымен тергеу амалдарын бастады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тәртіп сақшылары 41 жастағы күдіктіні анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Қазір полицейлер барлық айғақты жинап, қылмыстық істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдады, – делінген хабарламада.

Полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың айласына түспеуді, бейтаныс адамдарға сенбеуді және ақша аудармауды, тек тиісті мекемелерден қызмет алуды ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама