×

Атырауда 3-қабатта ілініп тұрған қария құтқарылды (ВИДЕО)

70 жастағы ер адамды полицейлер құтқарып қалды

 Еркеғали Болатұлы 22.05.2022 | 11:12
фото: azh.kz

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кеше қаладағы көпқабатты үйдің 3-қабатынан 70 жастағы қарияның құтқарылғанын хабарлады.

Қалалық полиция басқармасының 102 арнасына сағат 14:00 шамасында «Нұрсая» шағынауданындағы көпқабатты үйдің 3-қабатында егде жастағы ер адамның ілініп тұрғаны туралы хабар түскен. Содан аталған мекен-жайға учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Серік Жұмырғожиев пен полиция лейтенанты Аслан Аманғалиев жедел жеткен.

Полиция инспекторлары 3-қабатта тұрған 70 жастағы ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Кейін тәртіп сақшылары оның көпқабатты үйдің 3-қабатындағы пәтерінде кілттеніп қалғанын анықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама