Halyq Uni логотип
×

1 қаңтардан бастап жаңа арнайы жәрдемақы беріледі

Қазір заң жобасы Сенатта қаралып жатыр

 

 Дастан Жұмабекұлы 05.12.2023 | 15:35
1 қаңтардан бастап жаңа арнайы жәрдемақы беріледі
Фото: Halyq Uni

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер тізіміне өзгерістер мен толықтырулар дайындады. Оның мәтіні «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

«Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер тізімі жаңа тармақпен толықтырылды. Оған арнаулы кәсіби мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау қосылды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге өнеркәсіп салаларын дамытуға қосқан қомақты үлесін ескере отырып, зейнет жасына жеткенге дейін 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу жоспарлануда. Жұмысшының денсаулығына келтірілген зиянның дәрежесі ескеріледі. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында тәсілдер әзірленді.

Заң жобасында төрт төлем көзінен тұратын МКҚК қарастырылған. Оның бірі – республикалық бюджеттен төленетін арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақы. Қазір заң жобасы Парламент Сенатында қаралып жатыр», – делінген хабарламада.

Құжат жобасы қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында 20 желтоқсанға дейін тұрады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге арнаулы кәсіби мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, оны тоқтата тұру, жаңарту және төлеуді тоқтату қағидаларының жобасын әзірледі.

2024-2026 жылдарға арналған арнаулы кәсіби мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуге арналған республикалық бюджеттен шығыстар 84 754,8 млн теңге болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама