×

«Әділдік жолы» 14 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге атсалысқан

Қоғамдық бірлестіктің өтініші негізінде 68 қылмыстық іс қозғалған

 Ая Өміртай 30.11.2023 | 13:02
фото: Halyq Uni

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен 14 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделген, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Астанада «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: тәжірибесі және перспективалары» атты форум өтіп жатыр. «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұловтың айтуынша, өтініштерді қарау нәтижесінде 14 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделген.

«Мәселен, негізсіз баға көтеру, жойылған және түзетілген сатып алуларға қатысты өтініштерді қарау нәтижесінде 14 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Заңсыз төленген 537 миллион теңге бюджетке қайтарылды, оның ішінде қосымша құн салығы ретінде 330 миллион теңге. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 466 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, заң бұзушылықтарды жою туралы 138 ұйғарым шығарылды. Әкімшілік жауапкершілікке тарту – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі. Түптеп келгенде, лауазымды тұлғаның заңсыз әрекеті қоғамға зардабын тигізбей тұрып – жемқорлық қылмысына дейін жолы кесіледі.

Осылайша, біздің біздің бірлестіктің материалдарына сәйкес, мемлекеттік органдар 256 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 1154 хаттама толтырылған», - деді ол.

Дидар Смағұловтың айтуынша, бүгінге дейін «Әділдік жолы» РҚБ өтініші негізінде 68 қылмыстық іс қозғалған. Сарапшының дерегінше, заң бұзу көбіне құрылыс саласында жиі кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама