Павлодар облысында 8-сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалған
Кәмелетке толмаған баланың аяғы ауыр екенін сынып жетекшісі байқаған
Павлодар облысында 8-сынып оқушысының өгей әкесінен бала көтергені туралы ақпарат шықты. Бұл туралы Press.kz хабарлады.
Кәмелетке толмаған баланың аяғы ауыр екенін сынып жетекшісі байқаған.
Оқушымыз қыркүйекте мектепке келді. Одан кейін мүлде көрінбей кетті. Анасының айтуынша, ол бір ай бойы ауырыпты. Ал қарашада оқушы мектепке келгенде сынып жетекшісі оның аяғы ауыр екенін байқап қалған. Сол кезде оқушының анасы мектепке шақырылды. Екеуі дереу ауруханаға барып, тексерілді. Ауруханада оқушының аяғы ауыр екені анықталды. Сәбиге 25 апта болыпты, – деп хабарлады облыстық білім басқармасы.
Осыдан кейін педагогтер полиция мен прокуратураға хабарласып, болған жағдайдың бәрін айтқан. Білім басқармасы тәртіп сақшыларының оқушының өгей әкесін ұстағанын хабарлады. Оқушы содан жүкті болғанын айтқан.
Мектеп директоры, оның орынбасары мен сынып жетекшісі кәмелетке толмаған баланың жүкті болғаны үшін қатаң сөгіс алды.