Алматыда дәмханада ер адамды пышақтап кеткен күдікті ұсталды
Соққыдан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен
Алматыда дәмханада ер адамды пышақтап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдікті – Шығыс Қазақстан облысының 49 жастағы тумасы.
2 желтоқсанға қараған түні кезекші бөлімге қалалық ауруханалардың бірінен іш қуысында пышақ жарақатымен 27 жастағы ер адамның жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Жәбірленушіден сұрақ-жауап алғаннан кейін дәмханалардың бірінде көрші үстелде отырған ер адамдардың жанжалдасып қалғаны белгілі болды. Соққыдан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
Алайда жедел-іздестіру шаралары барысында ол ұсталды. Бұл – 1974 жылы туған Б. есімді азамат. Күдікті өз іс-әрекетін мойындады. ҚР ҚК-нің 106-бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деді Алатау аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің басшысы Асхат Дәулетияров.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.