×

Алматы облысында заң бұзған жүргізушілерден көлікті айыптұраққа қойғаны үшін заңсыз ақша алынған

Аудан аумағында 2000 жылдан бері мемлекеттік айыппұл тұрағы жоқ екені анықталды

 Динара Амантай 04.12.2023 | 13:45
Фото: Halyq Uni

Алматы облысында әкімшілік құқықбұзушылық жасаған жүргізушілер көліктерін айып тұрағына қойғаны үшін ақша төлеген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Обыстық прокуратура әкімшілік өндіріске қатысушылардан көліктерін арнайы автотұрақтарда (айып тұрақтарында) сақтағаны үшін заңсыз ақша алу тәжрибесін тоқтатты. Заң нормаларына сәйкес, арнайы тұрақтар жергілікті бюджет есебінен ұсталуға және азаматтар үшін өтеусіз болуға тиіс.

Талдау жүргзудің нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданының аумағында 2000 жылдан бастап мемлекеттік айыппұл тұрағы жоқ екені анықталды. Оның барысында жол полициясының қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың көліктерін амалсыздан жеке айыппұл тұрағына жеткізетіні белгілі болды. Ол ұзақ уақыт бойы жергілікті атқарушы органмен қандай да бір құқық белгілейтін құжаттар мен шарттарсыз заңсыз жұмыс істеп, тәулігіне 1500-2000 теңге алып келген, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратураның араласуынан кейін арнайы тегін тұрақ ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданып, азаматтардың құқығы қорғалды.

Бүгінде прокуратура қарыздың жиналуына байланысты өз көліктерін уақтылы ала алмаған иелеріне автокөліктерін қайтару бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама